Сіз неге мұсылмансыз? Сіз осы сұраққа қашанда болсын ойланып көрдіңіз бе? Бұдан мүмкін сіз өзіңіз шындықты ашып немесе қандай да бір сырды немесе ішкі рухани өмірді таптыңыз ба? Ислам дініне Құдаймен терең ішкі және жеке байланыста болғасын табиғи түрде кірдіңіз бе?
Сіздің салтыңыз бен қоғамыңыз сіздің осылай болуыңызды қорғағасын мұсылмансыз ба? Тек ойлап көріңізші, егер сіз інжіл белдеулі АҚШ аймағында дүниеге келіп, өстіңіз деп. Бұндай жағдайда ислам дінін қабылдап және сенуге қаншалықты мүмкіндігіңіз болар еді?
Сіздің таңдау бостандығыңыз жоқ болғасын, ал басқаша істесеңіз, барлығынан айырылатын болғасын мұсылмансыз ба? Тағы да бір рет дін бостандығына құқығы бар, демократиялық қоғамда дүниеге келгендей ойланып көріңізші? Сіз сонда да мұсылман болар ма едіңіз?
Сіздің отбасыңыз сізден соны қалағасын және өйткені тек олар көзқарасыңыз бен құндылықтарыңызды қорғағасын мұсылмансыз ба? Ал егер сіздің сеніміңіз бен сіздің жағдайыңызға қарамастан, сізді қабылдайтын, өз шешіміңізге рұқсат беретін отбасыда дүниеге келсеңіз ше?
Сіз барлығы солай істегесін ғана мұсылмансыз ба? Ал егер сіз сенімдердің әр түрлісіне рұқсат беретін мәдениеттің бір бөлігі болсаңыз ше? Соның өзінде сіз исламға құштар болар ма едіңіз?
Сізге діни тұлғалар мен оқу жүйелері жол көрсетіп, ислам тек нағыз хақ дін деп айтқасын ғана исламды ұстанып жүрсіз ме? Құдайсыз өмірге мүлдем басқаша философиясы бар атеистік мемлекетте дүниеге келгеніңізді ойлап көріңізші. Сіз сонда да мұсылман болар ма едіңіз?
Сіз мұсылман болудан қорыққандықтан немесе осы дінді қабылдамаудың салдарынан мұсылмансыз ба, ал егер осы қорқыныштар мен тиымдармен кездеспеген болсаңыз ше?
Ислам кейбір дәрежеде географиялық орнына байланысты анықталған дәстүр болып саналуы мүмкін бе?
Адамның діни жүйеге барынша байланысты болып, оның әсерінен тәуелді болуы болуы мүмкін бе?
Бізге сену керек деп айтқанға талқылануға келмейтін соқыр ақыл сеніммен сену мүмкін бе?
Адам мәдениет ішінде сондай бөлектеніп, сыртқы ақпарат көздерінен әсер ала алмайтындай бола ала ма?
Саяси тапсырманы жүргізіп, дін адамдарды бақылау және басқару жолы бола ала ма?
Дін жеке тұлғалық сезімді жоғалтуға себеп бола ала ма?
Осы блогты оқып шыққаннан кейін, сеніміңіз ислам дініне берік болып қала бере ме немесе күмәніңіз пайда болғанын өзіңізге шын айта аласыз ба? Егер өз сеніміңізге сенімшілдік болса, ол өзіңіздің қателеспегеніңізге мықты абырой сезім тудырғасын мұсылмансыз ба? Сіздің тым өзіңізге сенімшілдігіңіз сіздің алдануыңызға себеп болмай ма?
Сіздің мұсылман болуыңыздың дұрыс уәждемесі неде? Бұл шындықтың мәні болғасын ба немесе мәдениетіңізбен жақсы қорғалғасын ба?
Исламның өсуінің көбі әскери күшпен жаулап алу мен сәбидің туылуынан болды. Бұл дінге деген адал немесе заңды ықпал бола ма?
Исламға күмән келтіріп, қамалдан ғажап бостандыққа шығып, Исаға сенген мұсылмандар бар. Мен өз блогымда өз күмәндары мен қорқыныштарына шешім тапқан бұрынғы мұсылмандардан дәлелдер бар сілтемені қостым.
Қорытындылай келе, сізге осы дәлелдерді оқуға шақыруды ұсынғым келеді және Құдайдан Исаға қауышуыңызды, және оған Құдай мен Құтқарушы ретінде сенуіңізді сұрағым келеді. Бұлай істеу сізді жұмаққа кіргізбейді деп қорқуға өзіңізге жол бермеңіз, өйткені сіздің босқа да онда кіретіңізге кепілдік жоқ.
Басқа сілтемелер
Құдаймен қалай байланысқа түсу туралы
Мұсылман және Ислам ресурстары
jesusandjews.com/wordpress/2009/06/14/why-are-you-a-muslim-2/